Ақша шақыратын ырымдар - kaz.caravan.kz
  • $ 441.77
  • € 502.38
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақша шақыратын ырымдар

Ақша шақыратын ырымдар

"Ақша - өміріңізге мəн береді, тіршілікке əр береді. Қалтаң толы тұрғанда ешнəрседен қысылмайсың, жетпей қалады деп уайымдамайсың. Тіпті, ақшаның буы ұратыны соншалық, әлемді де сатып алатындай сезімде жүресің", - дейді сандар эксперті Меруерт Әбілова.

  • 16 Қаңтар 2023
  • 60
Фото - Caravan.kz


Сондай-ақ, маман табысыңыздың еселенуіне көмектесетін ырымдармен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

1. Сыпырғыны тіке тұрғызып қоюға болмайды. Жатқызу керек.
⠀
2. Сыпырғы немесе қоқыс алғыш құлап кетсе, ақшаның  көп болғанын тілеу керек. Содан кейін барып құлаған заттарды көтересіз.
⠀
3. Қараңғы түскенде еден жуып, қоқыстарды далаға шығаруға болмайды.
⠀
 4. Кешке қарызды сұрамаңыз жəне бермеңіз. Қолайлы — таңғы уақыт.
⠀
 5. Садақа көбірек беріңіз. Ол екі дүниеде де жақсы. Ал жолда жүріп, алдыңды бөгейтін тілемшілерге қағаз ақша емес, тиын тастаған дұрыс.
⠀
6. Ақшам жоқ жетпейді т.с.с. шағымдана бермеңіз.
⠀
7. Əмияныңыз бос тұрмасын, кедейлікті шақырады.
⠀
8. Үйіңізге адасып кеп қалған ит-мысық ризық несібені ала кіреді.
⠀
 9. Шашыңызды өзіңіз қысқартпаңыз. Келе жатқан несібенің жолын кесесіз.
⠀
10. Жерде жатқан майда тыйындарға мəн беріп, оларды алу — бұрыс əдет. Ірі ақша сол көлемдегі ақшаны өзіне тартады.
⠀
 11. Үйде ысқыруға болмайды. Береке қашады.
⠀