"Сайтанның сапалағы": ҚМДБ мынандай сұмдықты тоқтата ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сайтанның сапалағы": ҚМДБ мынандай сұмдықты тоқтата ма?

"Сайтанның сапалағы": ҚМДБ мынандай сұмдықты тоқтата ма?

Тікелей эфирде жалаңбас отырып құран сүрелерін оқып, өз беттерінше пәтуа шығаратын әйелдерге қатысты шу шықты.

  • 18 Қаңтар 2023
  • 630
Фото - Caravan.kz

Желіда жарияланған видеода сюцист Сәуле Омарова онлайн тікелей эфирде шашы жайылған күйде, алақан жайып, "Фатиха" сүресін оқып, дұға айтқан. Ол өзін Кенесары ханның ұрпағымын деп, халықты үпілеп-сүпілеп, бата беріп жүр. 

"ҚМДБ мынандай сұмдықтарды көреді ме екен?
Неге пәтуа шығарып, жауапқа тартып, мына есалаңдарды тоқтатпайды???

Абай атамыздың Масғұт поэмасындағы жағдай шынымен Қазақтың басына келіп жеткен бе?
— Құтылар хал болмады мына дудан,
Біз де ішпесек болмайды жынды судан.
Өлтірер өңкей жынды бізді келіп,
Жынды деп есі дұрыс бізді қуған.

Екеуі жынды судан ішіп салды,
Құтырып көп алдына жетіп барды.
Өңкей жынды байқамай айтыппыз деп,
Құлдық ұрып, бұларға көп жалбарды", деп жазды Ахметбек Нұрсила.  

"Сөзім жоқ мыналарға… 90-жылдары осындайлар қаптап кетіп, кейіннен жоғалып еді. Енді онлайн шығатын болыпты ғой", "Мына қатыннын ақыл есін тексерту керек!", "Сайтанның сапалағы", "Мына сапы қатын Кенесарының ұрпағы болса, біз кімбіз?", деп жазды оқырмандар.