Қонаевты көрінен қазып әкеліп, тепкілейсіңдер ме? Жоқ, әлде, сүйегін итке мұжытасыңдар ма? - Тортуыл Шоқан - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қонаевты көрінен қазып әкеліп, тепкілейсіңдер ме? Жоқ, әлде, сүйегін итке мұжытасыңдар ма? - Тортуыл Шоқан

Қонаевты көрінен қазып әкеліп, тепкілейсіңдер ме? Жоқ, әлде, сүйегін итке мұжытасыңдар ма? - Тортуыл Шоқан

Әлеуметтік желіде Дінмұхаммед Қонаевтың ұлтына қатысты ақпарат желдей есті. Бірі қазақ десе, бірі татар деп жарыса жазды. 

  • 19 Қаңтар 2023
  • 346
Фото - Caravan.kz

Қоневқа қатысты желіде тараған ақпараттарға қатысты Тортуыл Шоқан өз пікірін айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілішісі.

"Ал, жарайды, Қонаев қазаққа әділ болмапты. Өзі «Қазақпын..» деп өмірден өткен Димекеңді «Татар ұлтына..» теліпсіңдер. 

Енді не істейсіңдер? Көрінен қазып әкеліп тепкілейсіңдер ме?

Жоқ, әлде, сүйегін итке мұжытасыңдар ма? 

Қонаевтың да, Назарбаевтың да жіберген қателіктерін түзету —Тоқаевтың міндеті!

Қонаев қазақ емес. Қонаев қазақты руға бөліп, ара-дарасын шығарды — Ерлан Төлеутай

Әне, Риддер қаласында жалғыз-ақ қазақ мектебі бар дейді. Оның өзі құлағалы тұрған ғимаратта арендада отыр ма бір бәле. Кеңес кезіндегі қаталдықты 85-86 дан бері туғандар білмеуі мүмкін.

Сол кезде студент, түрлі қызметте болғандардың Қонаевты кінәлағандары орынсыз.


Біресе, өлген Абайдың сүйегін сүйреледіңдер.

Енді, Қонаевқа ауыз салыпсыңдар.

Өздеріңді кейінгі жұрт кім деп қабылдайтынын бір сәт ойланып қойыңдар.

Айтаққа үрген ит болсаңдар—онда, айтар сөз басқа.

1920-38 жылдары да дәл осындай—қазақты қазаққа айдап салу үрдісі болған.

Соның кесірінен зиялы атаулыдан ұрпақ тарамай— отырған жоқпыз ба омалып", деп жазды. 

Айта кетейік, бұған дейін "Қонаев қазақ емес. Қонаев қазақты руға бөліп, ара-дарасын шығарды" деп жазған болатынбыз.