Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Былтыр ғұлама ғалым, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы мемлекеттік деңгейде аталып өтті. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, 2023 жылғы атаулы даталарды жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз қажет», — деді А. Көлгінов Мәдениет министрлігінің алқа мәжілісінде.
Осы орайда ол биылғы атаулы даталар жайында атап өтті.
«Биыл даңқты бабамыз, Ұлы Қолбасшысы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын, көрнекті мемлекет қайраткері, өнер саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығын атап өтеміз», — деді Үкімет басшысының орынбасары.
Айта кетейік, сенатор Нұртөре Жүсіп осыған дейін Үкіметті Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын жоғары мазмұнды деңгейде өткізуге шақырған болатын.