Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған қатысты «Қазсушар» РМК бас директорының орынбасары Ербол Салихбаев өз ұстанымын айтты.
Республикалық меншікте 3 440 канал жүйесі бар. Шаруаларға су жеткізіп беру — «Қазсушардың» негізгі міндеттерінің бірі. Қазіргі таңда осы жүйелердің көп бөлігі коммуналдық меншікте болды. Енді оны пайдалануға алып отырмыз. Бірақ нысандардың көп бөлігі қазіргі тарифке кірмей қалған. Яғни оны күтіп-баптауға қаржы қарастырылмаған. Осыған байланысты тиісті мемлекеттік органға ұсынысымызды беріп жатырмыз, — деп айтты Ербол Салихбаев брифингте.
Сөзінше, ұсынысты биыл береді. Ал 2024 жылы ол тарифке енеді.