Жаңа жылдан бастап 236 мың алматылықтың зейнетақысы өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа жылдан бастап 236 мың алматылықтың зейнетақысы өсті

Жаңа жылдан бастап 236 мың алматылықтың зейнетақысы өсті

Алматы қаласы бойынша 236 мың зейнеткер және түрлі жәрдемақылар мен төлемдер алатын 120 мыңнан астам адам бар.

  • 24 Қаңтар 2023
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы қаласының Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Асқар Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

«Алматы қаласы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жалпы саны — 360 мың адам, бұл ретте бір адам бір мезгілде түрлі жәрдемақылар мен әрине зейнетақыларды алушы бола алатынын ескеру қажет. Жалпы мегаполисте жасы бойынша 236 мың зейнеткер және түрлі жәрдемақылар мен төлемдер алатын 120 мыңнан астам тұрғын бар»,- деді спикер.
Айтуынша жаңа жылдан бастап жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдері 10,5 пайызға өсті.
«Орта табысы 46 АЕК-тен аспаған немесе зейнетақысы бұрынғы қолданыста болған зейнетақы заңнамасы ескеріле отырып, бұрыннан тағайындалған барлық зейнеткерлер үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10,5 пайызға өсті»,- деді ол.Айта кетейік, биыл бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері 68,2 мың теңгеден 77,4 мың теңгеге дейін өсті. Зейнетақының өсуі еліміздегі барлық 2,2 миллион зейнеткерге әсер етті.