Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл 23 қыркүйек пен 8қазан аралығында Қытай елінде жазғы Азия ойындары өтеді. Азияның Олимпиада кеңесі осыған Ресей мен Беларусь құрамаларын шақырып отыр.
Азияның Олимпиада кеңесі спорттың біріктіретін күші бар екеніне сенеді және барлық спортшының ұлты мен паспортына қарамастан жарыстарға қатысатын мүмкіндігі болуы керек деп есептейді. Ұйым Ресей мен Белорусь спортшыларын Азия ойындарына шақырады,
-делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ Азияның Олимпиада кеңесі Ресей мен Беларусь атлеттерін халықаралық жарыстарға қатыстыру туралы Халықаралық олимпиада комитетінің шешімін күтіп отқанын жеткізген.