Видеоны жүктеген желі қолданушысы Құрал Сейітханұлының айтуынша, оқиға Түрікстан облысында орын алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
" Мына масқараны қараңыздар. Сот төрағасы процесс барысында ұйықтап отыр. Қасындағы көмекшісі оятпаса ұйықтап жата беретін түрі бар. Талғат Оңғарбаевтың төрағалығымен былапыт сөздерімен танылған "завуч" Ұлжан Елмұратқызы мен Маржан Қаназарованың да соты өткен.
"Абзал Құспан айтқандай: Сот түзелмей — ел түзелмейді. Халық соттан әділ шешім күтеді. Бірақ көп жағдайда тауы шағылып жатады. Әділетсіздіктен шаршаған халықтың түбінде шыдамы таусылады емес пе?
Түркістан облыстық сотында біз боғауыз Ұлжан Елмұратованы жеңе алмадық", — делінген Құрал Сейітханұлының жазбасында.
Желі қолданушылары сот төрағасының мұндай әрекетін қатты сынға алуда.