Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Әбужақынова жерлесі Ғалия Тынбаевамен кездесіп, жеңіске жетті.
Мұндай деңгейдегі жарыста қазақстандық әйелдер арасындағы финал тарихта алғаш рет өтті. Спортшыларға медальдарды Халықаралық дзюдо федерациясының бас директоры Влад Маринеску табыс етті.
25 жастағы Әбиба Әбужақынова былтыр Ташкентте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Абу-Дабидегі "Үлкен дулыға" турнирінің қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері.