Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. Ресей басылымдары таратқан мәтін мазмұны мынадай:
"Украиндықтардың бақылауындағы елді мекендердің біріне жақын орналасқан ауыр шайқастар кезінде ефрейтор Азамат Сарбасов барлау тобын қорғау міндетін орындай отырып, граната мен атыс қаруларымен қаруланған украиналықтардың үлкен тобына кезікті.
Ресейлік әскери қызметшілер украиналықтардың саны жағынан артықшылығына қарамастан күресуге шешім қабылдады. Ефрейтор Азамат Сарбасов тиімді атыс позициясын пайдаланып, жаудың гранатометшісін жойды.
Ауыр шайқас кезінде ол 15-тен астам украина жауынгерін жер жастандырды. Сондай-ақ, ефрейтор Сарбасов жараланған екі жолдасын жаудың атысы аймағынан алып шығып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Айтарлықтай шығынға ұшыраған жау берілуге мәжбүр болды.
Ефрейтор Азамат Сарбасовтың жанқиярлығы мен ерлігінің арқасында украин әскерінің басым күштері жойылды", — деп жазылған ресейлік БАҚ-та.
Ресейдің атынан сол елдің азаматтары болып табылатын этникалық қазақтардың да соғысып жатқанын еске сала кетейік.
Ресейдің Украинаға қарсы арнайы операциян бастағанына бір жылдай уақыт болып қалды.