"Жылаған жоқпын": Әнші Гауһар Әлімбекова түрмеге түсетінін түсінде көрген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жылаған жоқпын": Әнші Гауһар Әлімбекова түрмеге түсетінін түсінде көрген

"Жылаған жоқпын": Әнші Гауһар Әлімбекова түрмеге түсетінін түсінде көрген

Әнші Гауһар Әлімбекова түрмеге түсетінін түсінде көрген екен. Абақтыға қамалып, темір торға телміріп жатқанында үш жыл бұрын көрген аян түсі есіне түскенін айтып ақтарылды.

  • 1 Ақпан 2023
  • 677
Фото - Caravan.kz

Және қолына кісен салып жатқандағы әсері қандай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы 1001 түн бағдарламасына сілтеме жасап.

"Шынымды айтайын ба? Мен ол кезде түсінген жоқпын. Не болып, не қойып жатқанын түсінбедім. Маған көп адам "Сенің қолыңа кісен салып бара жатса да неге күліп тұрдың?" деді. "Себебі ол нәрсені мен қабылдаған жоқпын" дедім. "Гауһар қайда кетіп бара жатырсың?" десе, "Білмеймін. Мыналар қуып жатыр ғой" деп күліп ары қарай кете бергенмін ғой. Мүлдем сезінген жоқпын. (Кісен) салған кезде сезінген жоқпын. Ішке барып, 1 күн өткеннен соң, өзім кинодан көріп жүрген саусақ таңбасын алып жатқан сәтте сезіндім. Жылаған жоқпын.

Түнгі 4-5 шамасында жалғыз өзім жатқанымда терезеге қарап темір торды көргенде үш жыл бұрынғы түсім есіме түсті. Түсімде сол "решотканы" көргенмін. Сондай түс көрдім деп құрбыма айтқанымда "Ой, Гауһар басқа-басқа сен бармайсың ғой сол жаққа" деген еді", — дейді өнер иесі. 

Сондай-ақ, өзін әлдебіреулердің өнерден алыстатқанын жасырмады. Өнер иесі қайырымдылық концертін бермек болғанында да кедергіге тап болғанын жеткізеді. "Көлденең кедергілер болды. Негізі бейбітшілікті жақсы көретін адаммын. Бірақ, ол адаммен тіл табыса алмаған шығармын енді", — дейді ол.


Журналистің "Шоқпарын ала жүгірген кім? деген сауалына "Шоқпары сынып жатыр-ау оның қазір" деп жауап береді. 

Еске салайық, алаяқтық үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған Гауһар Әлімбекова айыбы дәлелденбей ақталып шыққан болатын.