Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әкім «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында қазір жұмылдыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол LRT-де жүретін болашақ пойыздарға аванстық төлемдер жүргізіліп жатқанын да атап өтті.
2023-2024 жылдар аралығында жоба іске асырылып, келесі жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс деп жоспарланды, — деді елорда әкімі.
Айтуынша, жоба құрылысы былтыр басталып кеткен.
Алғашқы қаржыны Үкімет былтыр берді. Биыл бұл нысанның құрылысы белсенді түрде жүргізілмек, — деді әкім.