Алуа Қонарова Түркиядағы жер сілкінісі туралы: "Мен мұны Алладан келген белгі деп ойлаймын" - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алуа Қонарова Түркиядағы жер сілкінісі туралы: "Мен мұны Алладан келген белгі деп ойлаймын"

Алуа Қонарова Түркиядағы жер сілкінісі туралы: "Мен мұны Алладан келген белгі деп ойлаймын"

Отандық продюсер Алуа Қонарова анасы екеуі Түркияның Алания қаласында тұрып жатыр. Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында елдегі жаңалықтармен бөлісіп, табиғи апаттың салдары туралы айтты.

  • 7 Ақпан 2023
  • 3808
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Продюсер жер сілкінісін сезген. Бірақ олар тұрып жатқан Алания қаласында жағдай әлдеқайда қалыпты.

“Жаңалықтарды оқып жатырмыз. Қирандылар мен зардап шеккендер көп. Бұған дейін 1991 жылы болған дәл осындай жойқын жер сілкінісінің арты цунамиге ұласқан. Дұғадамыз. Аланияда бәрі тыныш”, – дейді Алуа Қонарова.

Сондай-ақ ол бұл табиғи апатты Алладан келген белгі деп санайды. 

“Күн суытып кетті. Түні бойы нөсер жауып, күн күркіреді. Табиғи катаклизмді тоқтату мүмкін емес. Мен мұны Алладан келген белгі деп ойлаймын. Себебі адамдар дұрыс жолдан тайды. Жер-Анаға, айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасы өзгерді. Бітпейтін соғыс, басқыншылық әрекеттер, шекараны басып алу, әлденеге талас, бөлісе алмау. Табиғи апат осындай жер бетіндегі құйтырқы әрекеттердің нәтижесі болған сияқты”, – дейді продюсер.