Халқымыз әртүрлі бос ұрандар мен жоспарлардан шаршады – Аймағамбетов - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халқымыз әртүрлі бос ұрандар мен жоспарлардан шаршады – Аймағамбетов

Халқымыз әртүрлі бос ұрандар мен жоспарлардан шаршады – Аймағамбетов

Елордада «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі өтіп жатыр. Жиынға Оқу-ағарту экс-министрі, «AMANAT» партиясының мүшесі  Асхат Аймағамбетов қатысып жатыр.

  • 7 Ақпан 2023
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Білім саласының жанашыры Асхат Аймағамбетов жиында сөз сөйлеп, өзінің оқиғасын бөлісті.

Жақында мені Астана қаласындағы мектептің оқушыларымен кездесуге шақырды. Оқушылармен кездесуде 7-сыныптың оқушысы күтпеген жерден қызықты сұрақ қойды. «Наурыз айында сайлау болады. Жеңіске жеткен депутаттар елімізде не өзгерте алады?», — деді Аймағамбетов.

Ол оқушыға өз басынан өткен бір оқиғаны айтып берді.

21 жасымда жергілікті мәслихатқа сайлауға түсемін деп шешім қабылдадым. Жас болсам да, ешқандай қолдаусыз осындай үлкен додаға түстім. Әрине, көп адам сенбеді. 11 қарсыласым болды. Олардың қатарында кешегі депутат, мықты кәсіпкерлер, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, басқа да білікті елге танымал азаматтар болды. Бірақ ерік-жігердің, сенімнің, адал еңбектің арқасында осы сайлауда жеңіп шықтым. Алдымызда үлкен жоспарлар болды. Бірқатар мәселелерді шештім – жарық, автотұрақ мәселелері. Мұның бәрі күнделікті мәселе. Бірақ жүйелі, үлкен, ірі мәселелерді шешуге мүмкіндік болмады. Өйткені мен жалғыз болдым. Жалғыз депутат, жалғыз дауыс. Әрине мінберге шығып, сынайсың, депутаттық сауалдарды жібересің. Бірақ одан нақты, жүйелі мәселелер шешімін таппады. Сондықтан ол кезде мен екі мәселені түсіндім. Біріншісі, жалғыз депутат үлкен мәселелерді жалғыз шеше алмайды. Екінші мәселе – елімізде үлкен саяси трансформация болмаса, онда бұл бастамалар бекер. Енді қазіргі уақытта үлкен өзгерістер елімізде болып жатыр. Осы өзгерістердің заңды жалғасы ретінде осы сайлауды көремін. Осы сайлау елімізді түбегейлі өзгертуге жаңа мүмкіндіктер береді деп ойлаймын, — деп түсіндірді экс-министр съезде.

Аймағамбетов өзгерістер болуы үшін сенім болуы керегін айтады.


Өзгерістер туралы көп айтамыз. Бірақ өзгерістер болуы үшін бізге не керек? Ол үшін сенім пайда болуы керек. Ал сенім пайда болуы үшін нақты істер керек. Халқымыз әртүрлі бос ұрандар мен жоспарлардан шаршады. Нақты іспен дәлелдеу керек, — деп толықтырды ол сөзін.