Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

8 ақпанда Қазақстанның бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жарияланды.

  • 8 Ақпан 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыс орталығында екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман, 9-10 ақпанда көктайғақ күтіледі. Қонаев қаласында кей жерлерде тұман түседі.

Алматы қаласында өткінші тұман күтіледі, 9-10 ақпанда жолдарда көктайғақ болады.

Түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстікте тұман. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстікте, шығыста және облыс орталығында екпіні – 15-20 м/с. Атырау қаласында түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз 1-6 градус жылыдан 0-5 градусқа дейін төмендейді.

Жетісу облысыныңоңтүстігінде, орталығында және таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Алакөл маңында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Талдықорған қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысыныңбасым бөлігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде аздаған қарлы боран соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында 15-20 м/с-қа дейін барады. Ақтау қаласында көктайғақ күтіледі.


Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстікте тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз оңтүстік-батысқа ауысады, солтүстікте, батыста, оңтүстікте, таулы және тау етегіндегі аудандарда – 15-20, таулы асуларда екпіні – 25 м/с, күндіз ауа температурасының күрт төмендеуі – 10- 15 градус, солтүстік аудандарда 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде 3-8 градус салқын.

Түркістан қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с, ауа температурасының 11-13 градустан 3-5 аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Шымкент қаласындаоңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с, күндіз ауа температурасының күрт төмендеуі 12-14 градустан 3 градусқа дейін байқалады.