"Періштесі қаққан: Түркияда 44 сағат бойы үйінді астында жатқан балақайға бөтелкенің қақпағымен су бергендер жұртты жылатты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Періштесі қаққан: Түркияда 44 сағат бойы үйінді астында жатқан балақайға бөтелкенің қақпағымен су бергендер жұртты жылатты (ВИДЕО)

"Періштесі қаққан: Түркияда 44 сағат бойы үйінді астында жатқан балақайға бөтелкенің қақпағымен су бергендер жұртты жылатты (ВИДЕО)

Түркияда жойқын зілзаладан кейін үйінді астынан, періштесі қағып, аман қалғандар әлі де табылуда. Солардың бірі 2 жастағы Мұхаммед атты бала.

  • 8 Ақпан 2023
  • 587
Фото - Caravan.kz

Құтқарушылар оны тапқан бойда, бөлеткенің қақпағынан су беріп, көптің көңілін босатты, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Аталған бейнежазба желідегі парақшалардың бірінде пайда болды. Белгілі болғандай 2 жастағы Мұмаммед үйінді астында 44 сағат жатқан.

"Түркияның Хатай провинциясында құтқарушылар үйінді астынан су мен тамақсыз қалып, денсаулығы нашарлаған ұл баланы тауып алды. БАҚ өкілдерінің мәліметінше, 2 жастағы Мұхаммед екі тәулік (44 cағат бойы) бетон плиталардың астында жатқан. Балақай толықтай құтқарылғанша, оған бөтелекенің қақпағымен су берген", — деп жазады жергілікті басылым өкілдері.

Желі қолданушылары балақайдың аянышты халін көріп, түрлі пікірлерін жаудырған. Олар: "Періштесі қаққан", "Көрер жарығы бар бала екен", "Алла түрік бауырларымызға сабыр берсін", "Мынадай жантүршігерлік видеоны көріп, жүрек ауырады екен", "Қандай қиын, Алла барлық адамзатты айтпай келген апаттан сақтасын", "Балақай, ата-анаң аман ба екен? Тұл жетім болудан сақтасыншы құдай", — деп жазды олар. 

Айта кетейік, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болған еді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, елде жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адам саны 5 894-ға, жарақат алғандар саны 34 810-ға жеткен.