Бүкіл әлем Түркия еліне көңіл айтып жатыр, ал Сирия балалар үйіндегі ешкімге керегі жоқ жетім баланы елестетіп отыр - журналист - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүкіл әлем Түркия еліне көңіл айтып жатыр, ал Сирия балалар үйіндегі ешкімге керегі жоқ жетім баланы елестетіп отыр - журналист

Бүкіл әлем Түркия еліне көңіл айтып жатыр, ал Сирия балалар үйіндегі ешкімге керегі жоқ жетім баланы елестетіп отыр - журналист

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Түркия мен Сирия елінде орын алған зілзала туралы өз ойын айтты.

  • 8 Ақпан 2023
  • 1367
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Түркиядағы зілзаладан қайтқан түркі бауырларымыздың қайғысына аза бойым қаза болуда. Әйтсе де, жанындағы Сирияда да адамдар  мыңдап өлуде. Жаным ауырып отыр осы елдің халқына да.

Бүкіл әлем Түркия еліне көңіл айтып жатыр, ал Сирия Балалар үйіндегі ешкімге керегі жоқ жетім баланы елестетіп отыр…

Соғыстан көз ашпаған сириялықтарға енді зілзала ауыр батпандап экономикасын одан бетер құлдыратты-ау деп мен отырмын. Балаларды аяймын осы елдегі, аналарды аяймын…


Үлкендердің кесірінен бала-шаға соғыстан көз ашпап еді, енді міне…

Мына бейнежазбадағы сәбидің көрер жарығы бар екен. Осындай зілзалада дүниеге келген шақалақтың анасының көз жұмғаны жаныңды ауыртады", — деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.