Маман шұжық пен сосискадан қатерлі ісік пайда болатынын айтып дабыл қақты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маман шұжық пен сосискадан қатерлі ісік пайда болатынын айтып дабыл қақты

Маман шұжық пен сосискадан қатерлі ісік пайда болатынын айтып дабыл қақты

Нутриоцолог маман көбінің ас мәзірінен табылатын сосиска мен шұжықтың қатерлі ісік ауруын туындататын айтып дабыл қақты.

  • 8 Ақпан 2023
  • 44
Фото - Caravan.kz

Ол бұл кеңесін желідегі оқырмандарымен бөліскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Шұжық пен сосиска жеуді доғарыңыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл тағамдардың онкологиялық ауру туындататынын  туындататынын мәлімдеген. Сосиска мен шұжықты жиі қолдану тоқ ішекте қатерлі ісіктің пайда болу ықтималдығын жоғарылатады. Балаларыңызға мұндай тамақтар бермеңіздерші", — дейді Бота Қадірова . 

Расымен де әлем ғалымдары зерттеудің нәтижесінде бұл ақпараттың растығын дәлелдеген. Глазго университетінің мамандары жүргізген зерттеуіне сәйкес, тіпті күніне тоғыз грамм ет өнімдерін тұтыну сүт безі қатерлі ісігінің даму ықтималдылығын 15 процентке арттыратыны белгілі болды. Яғни аптасына үш тілім бекон немесе екі сосиска жегеннің өзі осындай ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Қауіп өңделген өнімдерден болатыны анықталып отыр.  

Тиісті мәліметтер European Journal of Cancer журналында жарияланды.