Елена Рыль: "Интернеттегі "порно" видеоны шектемеу – мемлекет жіберіп отырған үлкен қателіктің бірі" - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елена Рыль: "Интернеттегі "порно" видеоны шектемеу – мемлекет жіберіп отырған үлкен қателіктің бірі"

Елена Рыль: "Интернеттегі "порно" видеоны шектемеу – мемлекет жіберіп отырған үлкен қателіктің бірі"

 

  • 10 Ақпан 2023
  • 27
Фото - Caravan.kz

"Право" қоғамдық қорының төрайымы, қоғам белсендісі Елена Рыль жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі әрі оның алдын алу жолдарын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Астанада өткен «MediaDialog» пікір-талас клубының отырысында, қоғам белсендісі жасөспірімдер арасында суицид жасау көрсеткіші күн санап артып келе жатқандығын атап өтті. Оның сөзінше тек өткен айда орталықта балалар арасында суицид жасамақ болған 8 оқиғаға тіркелген.

"Тек өткен айда біз жасөспірімдер арасында суицид жасамақ болған 8 жағдайды тіркедік. Бірақ бізде суицидолог мамандар жоқтың қасы. Ал қазақ тіліндегі мамандар тіптен тапшы. Қазір мен біздің орталықтағы балаларды кәсіби деңгейі жоғары, өз ісін жетік білетін, қазақ тілді суицидолог маманға жолдай алмай отырмын", — деді Елена Рыль.

Сонымен бірге ол бүгінде балаларға патриоттық тәрбие жеткілікті деңгейде берілмей жатқандығына тоқталды. 

"Маған консультацияға 38 жастағы ер адам келді. Сол адам өзінен үш жас үлкен әпкесіне қызыға, қызғана қарайтынын айтты. Себебі оның өмірінің мәнісі қалмаған. Ақшасы бар, оқуын бітірген, жұмысы да жақсы. Бар мәселесі – біресе ана, біресе мына әйелге үйленіп, оларға бала таптыру. Сонда мен таң қалып: "Әпкеңе несіне қызығасың?" дегенімде, "Ол октябрят, пионер, комсомол да болып, мектепте де, кейін барлық қоғамдық өмірге белсене қатысты. Ал менде оның бірі болған жоқ" деді. Бұл нені көрсетеді? Демек біздің балалар бос уақытын жөнді өткізбейді. Ал патриоттық сезім болмаған жерде, жастарда, әсіресе ұл балаларда "тамақ ішіп, ұйықтасам, ішіп-жеу және ұйықтау үшін ақша тапсам" деген түсініктен басқа ештеңе қалыптастайды. Мұндай ұрпақтан не күтуге болады?", — деп налыды ол.

Сонымен бірге құқық қорғаушы өзіне "көгілдір" балаларды қалай емдесе болады деп, кеңес сұраған ата-аналардың да келетінін жасырмады.


"Оны қалай емдейді? Отбасында егер жөнді тәрбие болмаса? Сосын қазір интернеттің бәрі толып тұрған "порно" сипаттағы видеолар. Оны өскен ұрпақтан біз не сұрап, нені талап ете аламыз? Бұл мемлекеттің осы салада жіберген үлкен қателігі. Өкініштісі бүгінде 9-10 жастағы балалардың өзі сексуалдық сипаттағы әрекеттерге баратын болған. Олар оны қайдан көреді? Отбасында, теледидардан немесе сол баяғы интернеттен. Егер осы мәселені тыя алмасақ, қазақ әскерінде, жалпы қоғамда бұдан да сорақы, талай жайттардың куәсі боламыз. Ал ең қорқыныштысы, соны әскерде істеп келген балалар, кейін ол жақтан келіп, оны қоғамда жасай бастайды. Міне, қазір педофилияның көбейіп жатқандығының себебі де осы", — деп кесіп айтты қоғам белсендісі.