"Ол ауқымды дүниелер жасағысы келетін": Мусин Түркияда қаза тапқан қазақстандықпен бірге оқыған болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ол ауқымды дүниелер жасағысы келетін": Мусин Түркияда қаза тапқан қазақстандықпен бірге оқыған болып шықты

"Ол ауқымды дүниелер жасағысы келетін": Мусин Түркияда қаза тапқан қазақстандықпен бірге оқыған болып шықты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқан қазақстандық Мирболат (Мирус) Құрмашев туралы жазды.

  • 10 Ақпан 2023
  • 39
Фото - Caravan.kz

Олар бірге оқығаны белгілі болды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Мирус екеуіміз курстас болдық. Ол өте креативті еді, ауқымды дүниелер жасағысы келетін, тартымдылығының арқасында адамдарды ұйымдастыра алатын. Дінге берік адам еді. Мағжан Астана Хабты құру бойынша алғашқы қадамдарын бастағанда ол көп көмек етті, тегін, ешқандай келісімсіз. Қолынан келгенін істеп, Қазақстанның IT-саласын дамытуға үлесі мен көмегін қосты", — деп жазды Цифрлық даму министрлігінің басшысы Instagram-парақшасында.

Мусиннің айтуынша, Қазақстанда оның бірнеше бизнес бастамалары болған. Кейінірек идеяларын шет елде жүзеге асыруды ұйғарған.

Сонымен қатар, ол Мирустың саяхаттауды жақсы көретінін және соңғы екі жылын Түркияда өткізгенін атап өтті.

"Президенттің Анкараға ресми сапарының алдындағы қазақстандық IT-мамандарының сол жаққа барғанын бәріңіз білетін шығарсыздар. Біз сол кезде оларды Стамбулдың бірнеше ірі IT-компаниясына апарған едік. Мирус осы іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы болды. Біз оған Астана Хабтың өкілі болуды ұсындық, өйткені екі мемлекеттің хабтары мен мамандарын жақындастыратын адамның болуы маңызды еді.

Студенттік кезден де біраз жақсы естеліктер бар, жақын араласқан жолдастары оларды айтып жатар деп ойлаймын. Иманды болсын! Жаның жәннаттан орын тапсын бауырым", — деп жазды министр.

Цифрлық даму министрлігі басшысының көңіл айтуына Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Аида Балаева да қосылды.


"Түркиядағы алапат жер сілкінісі салдарынан қапияда қаза болған жерлестеріміз — Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың туғандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Кешеге дейін бүкіл ел болып үміт отын өшірмеген едік… Тірі табылса деп тілеген едік… Амал не… Цифрлық технологияның қыр-сырын еркін игерген Мирусты талайдан танитын едім. Соңғы рет онымен Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тұрғанда қызмет барысында кездескенбіз. Мирус өте еңбекқор, ізденімпаз жас болатын. Қысқа ғана ғұмырында талай стартап-жобаларды (Digital Kazakhstan) жарыққа шығарды, IT саласында оның есімі танымал, үлкен құрметке ие болды. Осындай жігері — жалын, білімі — терең, еліне бергенінен берері мол өрім жастардың мезгілсіз өмірден озатыны өте өкінішті.. Марқұмдардың иманы саламат болсын! Бауырлас түрік халқына сабыр тілеймін", — деп жазды Балаева Instagram-парақшасында.