Ақтүтек боран: Елімізде 5 жол учаскесі жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтүтек боран: Елімізде 5 жол учаскесі жабылды

Ақтүтек боран: Елімізде 5 жол учаскесі жабылды

Автожолдарда 337 техника мен 636 маман жұмыс істеп жатыр.

  • 10 Ақпан 2023
  • 137
Фото - Caravan.kz

Ауа райының бұзылуына байланысты республиканың 3 өңірінде жолдар жабылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

“ҚазАвтоЖол” мәліметінше, 10 ақпан күні сағат 10:00-дегі ақпаратқа сәйкес 3 облыста қар, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Автожолдарда 337 техника мен 636 маман жұмыс істеп жатыр.

Алматы облысында — 2 учаске:

— тіркемелі, жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін «Алматы-Өскемен» тасжолы, Қонаев-Шеңгелді учаскесі;

— автокөліктің барлық түрі үшін «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолы Байсейіт- Қорғас арасы;


Жамбыл облысында — 1 учаске:

— көліктің барлық түрі үшін «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолы, Кенен-Благовещенка арасы, (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады)

Жетісу облысында — 2 учаске:

— тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін «Алматы-Өскемен» тасжолы, Шеңгелді-Қарабұлақ арасы;

— «Алматы-Өскемен» тасжолы, Қарабұлақ-Үшарал арасы.