"Менің айлық табысым 4-5 миллиондай": Жасы 30-ға келген Анара Батырхан өзінен табысы көп жігіт іздейтінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Менің айлық табысым 4-5 миллиондай": Жасы 30-ға келген  Анара Батырхан өзінен табысы көп жігіт іздейтінін айтты

"Менің айлық табысым 4-5 миллиондай": Жасы 30-ға келген Анара Батырхан өзінен табысы көп жігіт іздейтінін айтты

Актриса Анара Батырхан болашақ жарына қоятын талабын ашық айтты. Айтуынша, ауылға, тіпті, Алматыдан өзге қалаға тұрмысқа шыққысы келмейді. Және ер азаматының айлық табысы қанша болуы керектігіне дейін айтып берді.

  • 13 Ақпан 2023
  • 1124
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы Менің өмірім сұхбатында әңгімелеген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Актриса алдымен бұған дейінгі қарым-қатынасы не себепті сәтсіз аяқталғаны жайында ақтарып салды.

"Менде қарым-қатынас болмады деген өтірік әңгіме болып кетеді. Болды әрине қарым-қатынас. Ол үлкен уақытқа 4 жылдай созылды. Бірақ, ол жігіттен маған деген қолдауды көрген жоқпын. Өнер жолына түбегейлі қарсы болды. "Мен сені қызғанамын. Толықтай өнер жолынан кетесің" дейді. Қазір ол жігітке рақметімді айтамын. Сол кезде тікелей айтқаны жақсы болды. "Маған 5 бала туасың. 5 бала туғаннан кейін өзің-ақ шыққың келмей қалады" деді маған. 5 бала туса не болыпты? 5 бала туып күшті болып жүргендер бар? Мен сол қарым-қатынасты езуде күлкімен еске аламын", — деген ол.

Өзінің нақты талаптары барын Анара Батырхан жасы 30-ға келгендігімен байланыстырады.

"Ең бастысы маған тірек бола алатын. Қасында мен өзімді нағыз нәзік әйел заты ретінде сезіне алатын жігіт керек маған. Қазіргі жігіттерден ондайды көп көре бермейсің. Ол қазір сенің көлігіңе қарайды. Сенің ақшаңа қарайды. Олар қазір сенің затыңа, киіміңе, әке-шешең қайда жұмыс істейтініне қарайды. Мені Анара Батырхан болғаным үшін жақсы көретін емес мені Анара деп қабылдайтын жігіт керек маған. 

Мен Алматыдан басқа қалаға тұрмысқа шықпаймын. Сүйіп қалсам да ауылда тұрмаймын. Ауылдағы жағдайға шыдамайтынымды білемін. Кішкентайынан қалада өскен қыз қалай ауылға барады? Мен Астана қаласы болса да тұрмаймын. Мен Алматыда тұрамын. 


Маған сөз салып жүрген жігіттер бар. Олармен қатты жақын араласпаймын. Дос ретінде ақырындап сөз саптауы, білімі қалай екендігін қараймын. Маған өте сауатты, тәрбиелі, иманды жігіт керек. Тағы бір талабым менің болашақ күйеуім менен көп табыс табуы керек. Егер де менің тапқан ақшам одан көп болып тұрса мен өзімді нағыз еркектің жанындамын деп санай алмаймын. Себебі, ол ұрысқа әкеп соқтырады. Менің айлық табысым 4-5 миллиондай. Осы бағдарламадан кейін маған келетін адам өз-өзіне сенімді болып келетін болады", -дейді.