Онда түрік басшысы жас ананың қызын қолға алып, азан шақырып ат қойғанын сәтін көруге болады, деп хабарлайды Caravan.kz.
Бейнежазбада Түркия басшысы жұбайымен бірге жер сілкінісінен зардап шеккендердің жағдайын білу үшін, ауруханаға ат басын бұрғаны айтылады. Сол сәтте Реджеп Тайып Ердоған жас босанған әйелді көріп, оны тілге тартқан.
«Сіздің жағдайыңыз қалай? Сізде кім? Қыз ба? Атын кім қойдыңыздар?», — деп сұрайды Түркия президенті.
Жас ана оған: «Қаласаңыз, қызымның есімін өзіңіз қойыңыз» дейді.
Осылайша Ердоған қолына сәбиді алып, азан шақырып ат қоя бастайды. «Сенің атың Айша Бетюль, сенің атың Айша Бетюль» деп бірнеше мәрте қайталайды түрік басшысы.
Желі қолданушылары түрік басшысының бұл әрекетіне сүйсінген. Олар:
«Айша Бетюль керемет қыз болайын деп тұр ғой», «Патша азан шақырып, ат қойды. Қандай керемет десеңші, нәрестеге Алла ұзақ, бақытты ғұмыр нәсіп етсін. Ал Түркия Басшысына Алла сабыр және зор денсаулық берсін», «Қандай керемет! Түркия еліне Аллам сабыр берсін!», «Нағыз патша міне осындай болу керек» деп жазды олар.