"Қасыма жақындап "Кел, ішейік" деді": Ұйымдастырушылар тәжін қайтарып алған ару "Мисс Қазақстан" байқауының былығын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қасыма жақындап "Кел, ішейік" деді": Ұйымдастырушылар тәжін қайтарып алған ару "Мисс Қазақстан" байқауының былығын ашты

"Қасыма жақындап "Кел, ішейік" деді": Ұйымдастырушылар тәжін қайтарып алған ару "Мисс Қазақстан" байқауының былығын ашты

Мисс Қазақстан атанған ару Диана Тәшімбетова байқаудан соң бірер апта өткеннен кейін әлемдік деңгейдегі конкурсқа қатыспақ түгілі тәжінен айырылып қалған. Ұйымдастырушылар тарапынан түсініксіз себептермен Ғалам аруына қатыстырмай қоюына шамданған ару байқау төңірегіндегі түрлі былықты жайып салды.

  • 16 Ақпан 2023
  • 2281
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Астарлы ақиқат бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Аз уақыт қалғанда қаржылық қиындықтар туғанын айтып барлық шығынды өзім көтеруім керек туралы айтты. Оған мен де отбасым да дайын болған жоқпыз. Қарапайым елдің біріміз. 10-15 миллион қалтамыздан шығаратындай жағдайымыз жоқ қой", — дейді Диана Тәшімбетова

Диана Тәшімбетова әлемдік Ғалам аруы байқауына баруға бекініп, АҚШ-қа аттануға бір апта қалғанда өзінің конкурстан шеттетілгенін біледі. Бұл жаңалықты ол ұйымдастырушылардан емес БАҚ беттерінен естіген екен.

Ал, байқаудың ресми парақшасында мынадай мәлімдеме жазылған:

"Ресми түрде хабарлаймыз!

1. АҚШ-қа Виза мен билетті Диана сұлулық байқауына қатысу үшін сатып алған жоқ. Олар қыркүйек айында жеке мақсаттары үшін алынған. 

2. Диана кешкі көйлектерді өз бетімен дайындаған. Өйткені біз және отандық дизайнерлер ұсынған нұсқалардың барлығы қызға және оның отбасына ұнаған жоқ

3. Диана және оның отбасы АҚШ-қа тұрақты түрде барып тұруға кетті. Нәтижесінде біз оны әлем аруы байқауына қатыстырудан бас тарттық", — делінген ресми мәлімдемеде.

"Ұлттық байқау атынан қатыса алмайды. Себебі, ол келісімшарттың ең бірінші шартын бұзды. Оқып берейін: "Байқау мен байқауға қатысушыларды  кемсітетін әрекеттер жасамау керек" делінген еді. Ол тікелей эфир өткізіп, байқау туралы өтірік айқпарат айтты. Сұлулық тек сырт келбетпен өлшенбейді. Дауға құмар болу нағыз ұсқынсыздық", — дейді "Мисс Қазақстан" байқауының директоры Катрин Безверхова 

Ал, дау туындаған тұста аталмыш сұлулық байқауының елге белгілі президенті Айдай Исаева журналистердің сауалынан қашқақтап, ақыры еңбек демалысын алып екі аптаға шетел асып кеткен.


Арулар байқауының төңірегіндегі шулы шиеленіс мұнымен бітпейді. Алматыдағы элита санатынадағы мейрамханалардың біріне сол кездегі кастинг директоры Гүлжан Дәулетова финалға жеткен 12 аруды шақырған. Конкурстан кейін қыздар сол жерге жабық кешке барған. Диананың сөзінше отырыс барысында үлкен жастағы белгісіз ер азаматтар қыздармен уақыт өткізгісі келген. 

"Егер есіңде болса бізге ақ хидидегі келді. Қасыма жақындап "Кел, ішейік" деді. Мен ішпейтінімді айтсам да қоймайды. "Диана екеуің керемет болдыңдар" деді. Дубайға барып қыдырайық дейді", — деген конкурс қатысушысы.