Мәулен Әшімбаев: 5 миллионға жуық қазақстандық өнімділігі төмен еңбекте жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәулен Әшімбаев: 5 миллионға жуық қазақстандық өнімділігі төмен еңбекте жүр

Мәулен Әшімбаев: 5 миллионға жуық қазақстандық өнімділігі төмен еңбекте жүр

Ауыл тұрғындарының табысын арттырудың пилоттық жобасына 52 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған.

  • 17 Ақпан 2023
  • 28
Фото - Caravan.kz

Сенат қабырғасындағы «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбындағы Парламенттік тыңдауда осындай мәліметі айтылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Халықтың жұмыспен қамтылу құрылымына қарасақ, 5 миллионға жуық адам, яғни еңбекке жарамды санаттың жартысы өнімділігі төмен еңбекте жүр. Халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін шешімдердің бірі микро және шағын кәсіпкерлікті дамыту болып есептеледі», — деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы шағын бизнес бүгінде ірі қалаларда ғана шоғырланғанын еске салды.

«Ауыл тұрғындарының бизнесті дамыту мүмкіндігі шектеулі. Осы жағдайды өзгертудің тиімді құралдары мен әдістері қажет. Айта кету керек, Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Алғашқы нәтижелері үміт ұялатады. Бүгінгі таңда бұл тәсілді республикалық деңгейде масштабтау мәселесі қарастырылуда. Бұл мақсаттарға 2023 жылы еліміздің барлық өңірлері үшін 52 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл 11 мың шағын несие беруге мүмкіндік береді. Сенаторлар осы бағдарламаның тиімділігіне мониторинг жүргізеді», — деді Мәулен Әшімбаев.