"Сенсация жасаған": Әлімханұлының келесі қарсыласы кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сенсация жасаған": Әлімханұлының келесі қарсыласы кім?

"Сенсация жасаған": Әлімханұлының келесі қарсыласы кім?

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) британиялық Лиам Смитті орта салмақ рейтингінде бірінші нөмірге қоятынын әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

  • 17 Ақпан 2023
  • 58
Фото - Caravan.kz

Мұндай шешім Смит WBO чемпионына міндетті қарсылас болатынын білдіреді. Орта дивизиондағы бұл титул Жәнібек Әлімханұлында, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Vesti.kz сайтына сілтеме беріп.

Қаңтар айында Смит отандасы Крис Юбенкті нокаутқа түсіріп, сенсация жасаған. Юбенк келісімшартта көрсетілгендей қарымтаны талап ете бастады, бұл өз кезегінде Жәнібек пен Лиам жекпе-жегіне бөгет болып тұр.

Айта кетейік, Лиам Смит 2015-2016 жылдары бірінші орта салмақта WBO чемпионы болған.