«Бала – болашақ»: «Art Sport» қазақ бүлдіршіндерінің рухани дамуына қалай үлес қосады? - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бала – болашақ»: «Art Sport» қазақ бүлдіршіндерінің рухани дамуына қалай үлес қосады?

«Бала – болашақ»: «Art Sport» қазақ бүлдіршіндерінің рухани дамуына қалай үлес қосады?

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері аттай отыз жылдан астам уақыт өтсе де, елдің әдебиет-мәдениет саласындағы даму көрсеткішіне халық тарапынан әлі де сын айтылады. Десе де, ел тұрғындарында кемелді келешекке деген үміт оты сөнбеді, керісінше, Жаңа Қазақстаннан жұртшылық жарқын өмір, әділетті қоғам және алаңсыз болашақ күтіп отыр.

  • 24 Ақпан 2023
  • 87
Фото - Caravan.kz

Аталған жаңа өзгеріс пен тың серпін мемлекеттің мәдениет және әдебиет, жалпы рухани дамуына да қатысты болып отыр.

Ендеше алдағы жылдары Қазақстанның мәдениет саласын қандай өзгерістер күтіп тұр? Ел үкіметі республиканың болашағы саналатын – балалардың рухани дамуы үшін, қандай бағдарламаларды қолға алып жатыр? Кез келген ұлттың рухани діңгегі саналатын жазушылар мен қаламгерлердің, мәдениет саласы қызметкерлерінің өмірі қалай өзгермек?  Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеген Caravan.kz медиа порталының тілшісі мәселені саралап көрді. 

«Бала – болашақ»: «Art Sport» қазақ бүлдіршіндерінің рухани дамуына қалай үлес қосады?

Қазақстан қашан да өскелең ұрпақтың дамуына барынша назар аударған ел. Оның жарқын дәлелі – республикалық маңызы бар қалалар мен мегаполистерде түрлі өнер, шығармашылық орталықтарының болуы. Бұдан бөлек елімізде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, «Art Sport» тегін үйірмелер бағдарламасы іске қосылған еді. Десе де аталған бағдарлама аясында кей өңірлерде келеңсіз жайттар орын алғаны рас. Соған қарамастан, жаңа тағайындалған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстан бойынша биылғы жылы 560 мыңнан астам бала тегін спорттық секциялар және шығармашылық үйірмелермен қамтылатынын жеткізді.

Айта кетерлігі, бұған дейін елімізде көп балалы, жалғызбасты аналар мен аз қамтылған отбасылар балаларын тегін үйірмелерде оқытуға мүмкіндіктері жоқ екенін алға тартқан еді. Осыған орай, «Art Sport» бағдарламасы тағы да ұзартылып, оның аясында 4-17 жас аралығындағы жеткіншектер түрлі шығармашылық үйірмелермен қамтамасыз етіліп отыр. Тек былтырғы жылы аталмыш бағдарлама аясында, мемлекеттік тапсырыспен шығармашылық үйірме әрі спорттық секцияларға 400 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерге жолдама берілген. Ал биыл аталған бағдарламамен 560 мың баланы қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ өңірлерде балалардың әлеуетін кеңейту мақсатында, «Art Sport» бағдарламасына биыл 86,7 млрд теңге бөлінгендігі белгілі болды.

Сондай-ақ 2022 жылы 4.5 млн бүлдіршін (елдегі балалардың 93%-ы) әр түрлі шығармашылық, интеллектуалды, спорттық, сауықтыру және әлеуметтік іс-шаралармен қамтылғаны анықталды. Бұған қоса, ведомствоның мәліметінше, былтыр 1100-ден аса спорт, денсаулық сақтау және мәдениет нысандары ашылған. Бұлардың қатарында қолжетімді жердегі спорттық инфрақұрылым да бар. Бұл ретте министрлік спорт ғимараттары ғана емес тұрғын-үй кешендері аулаларында спорт сарайларынан бөлек, кішігірім спорт залдар да ашылып жатқандығын мәлім етті.

Болашақ білімді ұрпақта

Қазақстанда мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың арқасында көптеген жас таланттарға білімін жетілдіріп, жастайынан ғылымға баулуға жағдай жасалған. Солардың бірі Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS мектебінің 11 сынып оқушысы Абилбеĸ Райымбеĸ. 7 сыныпта НЗМ ФМБ-на түскен ол, үшін Rock'n'plane зымыран туралы ғылым ĸлубындағы жǝне достарыммен бірге Қазақстан мен Орталық Азияда зымыран ғылымын дамыту бойынша, KazRockets атты қорын ашқан.

«Менде инженерліĸ салаға қатысты жобаларым да бар, өйтĸені мен өзімді зымыран құрастырушы ретінде қабылдаймын жǝне осы салаға ғашықпын. Туғанымнан мен техниĸаға жақын болдым жǝне 2 жасымда алғашқы ұшақпен ұшу мені таң қалдырды, сондықтан өмірімнің ĸелесі 11 жылын толығымен авиацияға арнадым. Зымыран ғылымы саласында 4.5 жыл жұмыс істегеніме жǝне авиация саласында 11 жыл өмір сүргенімде, көптǝжірибе жинадым. Осы арқылы мен физиĸа және химия сияқты пǝндерден бағаларымды айтарлықтай жақсарттым. Яғни мен ұшақтардың 3D модельдерін оңай жасаймын жǝне оларды принтерлерге басып шығара аламын, іс жүзінде ĸез-ĸелген идеяны жүзеге асыра аламын. Егер қоғамға пайдасы туралы айтатын болсақ, инженерлер қашан да біздің қоғамға қажет жǝне оларға деген көп болмақ
», — дейді кейіпкер.

Осы орайда Райымбек аэроғарыш инженері болғысы келетінін жасырмады.

«Мен аэроғарыш инженері болғым ĸеледі жǝне қазір мен университеттер тізімін дайындап жатырмын. Оны ǝзірге ешкімге айтпадым және жеĸе құпия қалуын жөн көріп отырмын. Оқу АҚШ-та немесе Германияда болуы мүмĸін деп айтамын, өйтĸені бұл елдер Аэронавтиĸа жǝне аэроғарыш тұрғысынан өте ĸүшті ресурстарға ие», — деп сөзін аяқтады ол.

Жаңа Қазақстанда мәдениет және әдебиет саласы қалай дамиды?

Мемлекет жүзеге асырып жатқан қолдау тетіктері мәдениет және өнер саласын дамытуға зор үлес қоспақ. Осы орайда, аталған бағыттағы нақты бағдарламаларға тоқталып өтсек.

Елімізде жыл сайын Қазақстанның мәдениетін сақтау әрі дамытуға үлесі қосқаны үшін, 75 адам мемлекеттік cтипендия иегері атанады (әр адамға шамамен 2,2 млн теңге).

Сондай-ақ 2022 жылы тұңғыш мәрт ұлттық өнер саласында Umai сыйлығы табысталды. Қазіргі таңда сыйлықтың жүлде қоры 54 млн теңгені құрап отыр. Сол сияқты жыл сайын Dala dauysy байқауы, «Шертпе күй»республикалық дәстүрлі музыка фестивалі, Astana Piano Passion республикалық байқауы өтеді.

Қазақстан үкіметі отандық жазушыларды қолдауда да түрлі бастамаларды қолға алуда. Осылайша өткен жылы алғаш рет әдебиет саласында «Айбоз» ұлттық сыйлығы табысталып, «Жаңа қазақ әдебиеті» топтамасымен кітаптар шығарылды. Оның аясында заманауи қазақ қаламгерлерінің туындылары жарыққы шығарылады деп күтіліп отыр. Сонымен қатар, биылдан бастап 19 және 29 арасындағы жазушылар мен ақындарға «Проза», «Поэзия», «Драматургия» мен «Балалар әдебиеті» номинациясында, алдын ала жарияланған туындылары бойынша, Президенттің арнайы әдеби сыйлығы табысталатын болады.

2022 жыл қазақстандық кинематографистер үшін де табысты жыл болды. Ел бойынша 14 фильмнің тұсауы кесіліп, «Жамбыл. Жаңа дәуір» және Ахмет Байтұрсыновтың – «Соңғы үкім» тарихи картиналары көрермен назарына ұсынылды. Ал қазақстандық кинотуындылар ішінде Айдын Сахаманның «Дос Мұқасан» туындысы прокат бойынша 500 млн теңге жинап, үздік нәтиже көрсетті.

Бұған қоса биылғы жылы «Мәдениет WEEK» халықаралық форумы өткізіліп, оның аясында креативті индустрия, ғылыми қоғам саласының сарапшылары өнердегі өзекті мәселелерді талқылайды деп күтіліп отыр.