Белгілі болғандай, мектеп директоры өзін-өзі қорғау үшін суық қару қолдануы мүмкін деген болжам бар. Әйел адам жұмыс істейтін мектеп ұжымы мұндай жағдайдың орын алғанына әлі де сенбейтіндіктерін жеткізді. Олар 10 жылдан астам тәжірибесі бар биология пәнінің мұғалімі директор болғаннан кейін, өзін тек жақсы жақтарынан көрсетіп, жауапты маман ретінде көрінгенін айтады.
«Өте еңбекқор, ашық адам. Өз ісін өте жақсы біледі. Ия, әрине, бұл жақсы жағдай емес. Барлығымыз әлі сене алар емеспіз», — дейді олар.
Басылымның мәліметінше, отбасылық жанжал ерлі-зайыптылардың пәтерінде түстен кейін болған. Құқық қорғау органдарының мәліметіне сәйкес, күйеуі алдымен әйелінің мойнын пышақпен тіліп, содан кейін оның кеудесіне жарақаттаған. Осылайша 34 жастағы әйел, өзін қорғау үшін жұбайына суық қарумен қарсы шығып, оқиғаның соңы осындай қайғылы жағдаймен аяқталған.
Сонымен бірге, қазіргі таңда мектеп директоры көптеген жарақаттармен хирургия бөлімінде ем алып жатқаны белгілі болды.
Қала полициясының хабарлауынша, 26 ақпанда "102" арнасына тұрғын үйдің пәтерінен ер адамның денесі табылып, пышақ жарақаты бар әйел ауруханаға жеткізілген. Бүгінде аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалған.