Қазақстанда көлік жүргізушілерін онлайн оқыту тоқтатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда көлік жүргізушілерін онлайн оқыту тоқтатылады

Қазақстанда көлік жүргізушілерін онлайн оқыту тоқтатылады

ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті жүргізуші куәлігін беру талаптарына түзетулер енгізеді. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

  • 7 Наурыз 2023
  • 313
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғам талқылауына ұсынылған құжат жобасында оқыту сапасын арттыру мақсатында онлайн және қашықтан оқыту нысандары жойылатыны жазылған.

Ұсынылған жаңа редакцияда әрбір пән бойынша теориялық сабақтар күніне екі сағаттан, ал практикалық сабақтар алты сағаттан аспайтындай жоспарланатыны жазылған.

Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру жөніндегі қағидаларына тиісті өзгеріс енгізу ескерілген. Құжатты талқылау 24 наурызға дейін жалғасады.