Бұл мұсылмандықта бар дүние: Айнұр Тұрсынбаева Ерке мен Раймның некесі туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұл мұсылмандықта бар дүние: Айнұр Тұрсынбаева Ерке мен Раймның некесі туралы айтты

Бұл мұсылмандықта бар дүние: Айнұр Тұрсынбаева Ерке мен Раймның некесі туралы айтты

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында жасы кіші жігіттерді өмірлік серік еткен отандық шоу-бизнестегі қыз-келіншектер туралы ойын ашық айтты.

  • 7 Наурыз 2023
  • 249
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарлама жүргізушісінің: “Ерке Есмахан, Шахизада, Кәмшат Жолдыбаева сынды өнер жұлдыздары жас жігіттерге тұрмысқа шығып жатыр. Қандай баға бересіз?” деген сұрағына ақын: “Мен біреу түгілі, өзіме баға бере алмаймын. Қазақта” Құдай қосқан қосағым” деген керемет сөз бар. Алла қосып тұрған адамға барып: “Сен неге бұлай жүрсің?” деп айта аламаймын. Мен үшін екі адамның жасы, әлеуметтік жағдайы, атақ-абыройы маңызды емес. Жасым 45-ке келіп түсінгенім, адам қанашылқты дұрыс отбасы бола алатынын ойлау керек. Үлгілі, жақсы отбасы болса неге қолдамасқа? Еркедан 12 жас кіші Райымды ел жерден алып, жерге салып жатыр. Бірақ бұл адамзат тарихындағы алғашқы оқиға емес қой. Пайғамбарымыз өзінен 15 жас үлкен Хадиша анамызды алды. Сонда оны “даналық, көрегенділік” дейміз де,  Райымға келгенде “ұятсыз” дейміз. Олай болмайды ғой. Бұл мұсылмандықта бар дүние” , – деп жауап берді.