Диана Қырықбай әпкесі Айгүл Мүкейдің өзін не себепті тележүргізушілікке алмай қойғанын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Диана Қырықбай әпкесі Айгүл Мүкейдің өзін не себепті тележүргізушілікке алмай қойғанын айтып берді

Диана Қырықбай әпкесі Айгүл Мүкейдің өзін не себепті тележүргізушілікке алмай қойғанын айтып берді

Танымал тележүргізуші, блогер Диана Қырықбай “Парадокс” бағдарламасында әпкесі Айгүл Мүкей жайлы айтып, телеарнада қызмет еткен жылдарын еске алды.

  • 7 Наурыз 2023
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

“Филология факультеті, журналистика мамандығы бойынша Астанаға оқуға түстім. Сөйтіп мамандығыммен жұмыс істейін десем, барлығы жаза алмайтынымды, менен журналист шықпайтынын айтты. Көп адам бетімді қайтарып тастаған соң Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқып, магистратурасын тәмәмдадым. Мамандығым – автор, комментатор, телеарна режиссері. 15 жасымнан бастап Шымкенттегі телеарнада жұмыс істедім. Нағашы жақтан әпкем Айгүл Мүкейге: “Мені жұмысқа алшы” дейтінмін. Ол болса: “Ертең барлығы “Сен Айгүлдің сіңлісісің” деп бетіңе басады. Бірінші білім ал, өзіңді басқа жерде көрсет. Кейін мен сені жұмысқа аламын” дейтін. Мен администратор болып жұмыс істейтінмін. Асхат Садырбайдың өзі Айгүлге айтып, мені тележүргізушілікке ұсынатын. Сол кезде Айгүл: “Жоқ. Мен директор болып тұрғанда Дина тележүргізуші болмайды” деді. Мен басқа арналарда тікелей эфир жүргізіп, таныла бастасам да, “Ел арна” арнасында маған ешқашан орын болмайтын”, – дейді Диана.

Тележүргізуші әпкесіне ренжігенін де жасырмады. 

“Мен оған ренжитінмін.Сонда ол маған: “Маған өкпелеме. Ертең белгілі бір деңгейге жеткенде қайта маған рахмет айтасың. Есесіне: “Таныс арқылы келдің” деп ешкім сенің бетіңе баспайды. Қазір расымен, мен Айгүлді түсінемін және оған ризамын. Ол мені кішкентай дүниеден бастасын деп ойлапты. Мені бүкіл бөлімге жіберетін. Бірінші администратор болдым,  мемлекеттік сатып алумен айналыстым, қонақтар шақыратынмын, продюсердің көмекшісі болдым. Сөйтіп бір күні “Жарайсың” бағдарламасының жүргізушісі ауырып қалды. Жүргізуші жоқ. Әпкем декреттік демалыста еді. Асхат тағы мені ұсынды. Айгүл рұқсатын беріп, сол кезден бастап бағдарлама жүргізіп кеттім. Мен әпкемнің арқасында келгенімді мойындаймын, бірақ тележүргізуші болу, танымалдыққа ие болу маған оңайға түскен жоқ”, – дейді блогер ағынан жарылып. 

Телеарнада жұмыс істегеніне 15 жылдан асқан Диана қызметінен не себепті кеткенін түсіндірді. 


“Менің телевидение саласында жүргеніме 15 жылдай болды. Мен банкте де жұмыс істедім, той жүргіздім, концерт жүргіздім. Сөйтіп маған кейбір адамдар: “Сен көп жұмыс істейсің, осылай жүріп бір күні жанып кетесің. Жұмыс істемек түгілі, тіпті қарағың келмейтіндей дәрежеге жетесің” дейтін. Араға уақыт салып сондай сәт келді. Таңертең жұмысқа бару былай тұрсын, сұхбатқа барғым келмейді. Көп ұсыныстар түседі, айлығы басқа жүргізушілерге қарағанда 2-3 есе көп. Барғым да, жүргізгім де келмейді. Нақты себебін өзім де білмеймін. Тіпті киноға түсуге ұсыныс жасады. Мен одан да бас тарттым. Қазіргі өмірім маған жайлы, әзірге демала тұрғым келеді”, – деді бұрынғы тележүргізуші.