Имамның мінберде отырып сөйлеген сәті желіде тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы
"Ұят та болса айтып өтейін. Ерлі-зайыптылардың арасындағы құпия мәселелерді. Өздеріңіз біліп тұрсыздар ғой, "құпия мәселелерді" сыртқа шығару ауыр күнә. Сол нәрседен сақтану керек. Кейбір адамдар болады әйелімен түнде жасаған мәмілелерін сыртқа айтып жатады. Немесе солай сыртқа айтып жататын әйелдер болады. Ол өте құпия нәрсе. Оны сыртқа шығаруға болмайды. Хадисте "Ондай сырларды сыртқа жаймаңдар. Ондай адамдардың мысалы бір шайтанға кезіккен екінші бір шайтан секілді. Екеуі жаңағы құпия істі істеп жатқанда адамдардың бәрі сырттай қарап тұрған шайтанның мысалы сияқты деп ауыр мысалмен келтіреді. Сол үшін ондай сырды өзге адамға айтпау керек", — дейді имам.
Желі қолданушылардың бір бөлігі имамның сөзіне қосылып, қоғамда мұндай жайдың көбейгенін айтса, енді бірі "үнемі белден төмен әңгіме айтады" деп имамның өзін сөкті.