Рыбакина АҚШ-тағы беделді турнирдің үшінші айналымына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рыбакина АҚШ-тағы беделді турнирдің үшінші айналымына шықты

Рыбакина АҚШ-тағы беделді турнирдің үшінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне өтті.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Bassport.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

  • 12 Наурыз 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Отандық спортшы әлемдік рейтингте 170-орында тұрған 2020 жылғы Аустралия ашық біріншілігінің чемпионы, америкалық София Кенинмен кездесті.

Екі сағатқа созылған матчта Рыбакина қарсыласынан 7:6 (8:6), 7:6 (7:5) есебімен басым түсті.

Үшінші айналымда испаниялықтар Паула Бадоса мен Парризас Диастың бірі Еленаға қарсылас атанбақ.