Қостанай облысында пәтерден ер адамның мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында пәтерден ер адамның мәйіті табылды

Қостанай облысында пәтерден ер адамның мәйіті табылды

Қостанай облысы Лисаковск қаласында бес қабатты тұрғын үйдің пәтері өртенді.

  • 13 Наурыз 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

"Костанайские новости" сайтының мәліметінше, оқиға 10 наурызға қараған түні болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Құтқарушылар төтенше жағдай орнына 6 минутта жеткен. Аумағы 40 шаршы метр пәтерде жиһаз бен киімдер өртенген. Өрт сөндірушілер зейнет жасындағы адамның мәйітін тапты.

"Полицияның деректері бойынша марқұм алкоголизм бойынша есепте тұрған. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның жеті адамы және екі бірлік техника жұмылдырылды"
,
— деп хабарлады облыстық ТЖД.

Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді. Қалған тұрғындар зардап шеккен жоқ.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз, сараптама тағайындалды.