«Алдымен сотталушы, кейін абақты қызметкері зорлаған»: Заңгер Ұйғыр ауданынан басталып, түрмеде ұласқан сұмдық жайтты мәлім етті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алдымен сотталушы, кейін абақты қызметкері зорлаған»: Заңгер Ұйғыр ауданынан басталып, түрмеде ұласқан сұмдық жайтты мәлім етті

«Алдымен сотталушы, кейін абақты қызметкері зорлаған»: Заңгер Ұйғыр ауданынан басталып, түрмеде ұласқан сұмдық жайтты мәлім етті

Қазіргі уақытта Алматы облысындағы «Жауғашты» түрмесінде жазасын өтеп жатқан Амраева Наргизге мекемеде күш көрсетілген, таяққа жығылған.

  • 13 Наурыз 2023
  • 929
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы белгілі заңгер Айман Омарова айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айман Омаровның айтуынша Наргиз Амраева бұған дейін Алматы облысы Ұйғыр ауданының уақытша ұстау изоляторында отырғанда зорланғаны туралы арыз жазған. Ол тіпті өзін зорлаушылардың бірінен бала туған.

«Оны алдымен сотталушы зорлаған, әрине сондағы қызметкерлердің қатысынсыз болуы мүмкін емес. Одан кейін Бауыржан есімді қызметкер зорлаған. Осының бәрін уақтыша ұстау абақтысының бастығына барып айтқанда ол ешқандай шара қолданбаған. Арызын тиісті жерге жібермеген. Қысқасы, қазір Наргиз бала туып "Жауғашты" түрмесінде отыр»,- деді Айман Омарова.

Қазіргі уақытта баланың әкесі кім екені анықталыпты. Сараптама тағайындалған. Заңгер істі анықтау үшін жуырда Ұйғыр ауданының аталған уақытша ұстау абақтысына барғанын және бірқатар мәселені анықтағанын айты.

«Бұл мекемеде Наргизге өз арызынан бас тартқызу үшін қысым жасалған болып шықты. Нақтысы прокуратура қызметкері келіп одан Ұйғыр ауданы уақытша ұстау изоляторының қызметкерлеріне қатысты ешқандай шағым жоқ деген қолхат жаздыртқызуға тырысқан»
,- деді заңгер Айман Омарова

Заңгердің айтуынша бүгін оны түрмедегі өзге сотталғандар соққыға жыққан.

«Кеше Алматы облысы бойынша арнайы прокурорлар департаментінің бастығы Ғ.Сәрсеновке Наргизге қауіп төніп тұрғандықтан, мекемелерді аралауды өтіндім. Ол маған бірден прокурорлардың бірін жіберемін деп уәде берді. Алайда ештеңе істемеді»,- деді Айман Омарова.