Бұл туралы желідегі krisp.tdk парақшасында жазылды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
Белгілі болғандай аталған парақшада ата-аналар ер адамды ұстап, жазалауын сұраған.
«Балаларға зияны тимейінше мына ер адамды тауып, қамауға алуларыңызды сұраймыз», — деп жазған желі қолданушысы.
Қазіргі таңда полицейлер күдіктіні ұстағаны белгілі болды.
«Күдікті ретінде 20 жастағы психикалық ауытқуы бар адам ұсталды, қазіргі таңда ол қалалық полицияға жеткізілді», — деп мәлімдеді тәртіп сақшылары.
Бұдан бөлек жас жігіттің ата-анасымен бірге тұратындығы, оларға баланы жалғыз, қараусыз тастап кетуге рұқсат берілмегендігі туралы анықталды.