Әли Оқапов алғаш рет ұлы, отбасы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әли Оқапов алғаш рет ұлы, отбасы туралы айтты

Әли Оқапов алғаш рет ұлы, отбасы туралы айтты

Жуырда ғана әнші Әли Оқапов ұлды болған еді. Жеке өмірін жария ете бермейтін өнер иесі отбасы туралы алғаш рет сұхбат берді.

  • 16 Наурыз 2023
  • 818
Фото - Caravan.kz

Әли Оқапов журналисттің "Енді бала тәрбиесі бар. Шығармашылыққа үлгеріп жатырсыз ба?" деген сауалына жауап берген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Шыны керек, қиын. Алғашқы сәби болғандықтан көп күткеннен соң 24 сағаттың 29-ын бергің келеді. Бірақ жұмыс бар. Ұйқы жоқ. Оңай емес. Роза Рымбаеваның немересі біздің үйде. Ол — өте үлкен жауапкершілік. Қандай жұмыс болмасын ең бірінші сол қырқынан аман-есен шығарып, денсаулығын мұқият қадағалаумен айналысудамыз", — деген ол.

Айта өтейік, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның үлкен ұлы, әнші Әли Оқапов 2020 жылдың тамыз айында "Асыл" тобының солисі Ақерке Бүркітбайға үйленген.