Қ.Мәмидің айтуынша, «егер қылмыстық істерді аудандық судьялар арасында тарату міндетін сот төрағасы емес, компьютер атқарса, ондай жағдайда , жұмыс барысындағы субъективтік әсерлер жойылып, сыбайлас жемқорлықтың жергілікті соттарға тигізетін ықпалын кемітуге мүмкіндік жасалады». Оның айтуынша, қылмыстық істерді аудандық судьялар арасында компьютер көмегімен автоматты тарату жүйесін қолданысқа енгізу қажеттігіне негіздеме болатын тиісті пункт конференцияның қорытынды құжаты болып табылатын нұсқаулар жобасына қамтылды.
Аталмыш нұсқаумен қоса, ҚР Жоғарғы соты төрағасының айтуынша, жобаға аудандық соттардың материалдық-техникалық базасын нығайту және «Жоғарғы сот судьялары мен аудандық соттар судьяларының жалақылары арасындағы сәйкессіздікті реттеу» қажеттігі туралы ұсыныстар енгізілген. Қ.Мәмидің пікірінше, аудандық сот судьяларының жалақысы ҚР Жоғарғы соты төрағасының жалақысының 70 процентінен төмен болмауы тиіс. Нұсқаулардың ақырғы жобасы ертең, конференцияның соңғы күнінде бекітіледі.