Қазіргі жағдаймен, көршілес Шұбарқұдық ауылындағы мектеп-интернат негізінде 60 төсекке есептелген уақытша эпидемиялық стационар ұйымдастырылды. Қажетті дәрі-дәрмек және дезинфекциялық құралдардың қоры құрылды. Үйлердің жертөлелерінен суды сорғызып алуға және аумақты қоқыстан арылтуға арнаулы техника бөлінді. Су құбырларына дезинфекциялық тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Екі қабатты үйлердің жанындағы аулада дәретханалар орнатуға шешім қабылданды. Тұрғындар үшін бөтелкеге құйылған ауыз су жеткізілуде. 929 үйді аралап шығу жұмысы атқарылды.
Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жергілікті ахуалды төтенше жағдайлардың зардабын жою жөніндегі штаб бақылап отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12-наурызда Кеңқияқ ауылының су құбыры жүйесінде болған апаттан кейін ауыл тұрғындары іші ауыру, құсқы келу және дене қызуы көтерілу тәрізді белгілермен аудандық ауруханаға түсе бастады.