Қазақстан және Тәжікстан президенттері телефон арқылы сұхбатында Ұжымдық Қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы мен Орта Азиялық Ынтымақтастық ұйымдарының саммитін өткізу туралы мәселені талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 529.99
  • 546.63
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Тәжікстан президенттері телефон арқылы сұхбатында Ұжымдық Қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы мен Орта Азиялық Ынтымақтастық ұйымдарының саммитін өткізу туралы мәселені талқылады

Қазақстан және Тәжікстан президенттері телефон арқылы сұхбатында Ұжымдық Қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы мен Орта Азиялық Ынтымақтастық ұйымдарының саммитін өткізу туралы мәселені талқылады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов телефон арқылы сұхбаттасып, екі жақты қарым-қатынас ахуалы мен оның болашағы туралы пікір алмасты.

  • 26 Наурыз 2004
  • 431
Фото - Caravan.kz

KZ-today тілшісіне Тәжікстан президентінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, тараптар сондай-ақ, халықаралық және аймақтық сипаттағы проблемаларды талқылай отырып, Ұжымдық Қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы мен Орта Азиялық Ынтымақтастық ұйымдарының саммитін өткізуге қатысты нақты мәселелерді талқылады. «Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде Тәжікстан президенті Қазақстан Елбасын Ұжымдық Қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының алдағы саммитінде талқыланатын мәселелерден хабардар етті».

Баспасөз қызметінен хабарлауынша, сол күні Э.Рахмонов Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен де телефон арқылы сөйлесті. Өзбек-Тәжік қарым-қатынасына қатысты мәселелерді тәптіштеген мемлекет басшылары Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер президенттерінің кездесуіне дайындық жұмыстарына да тоқталды. «Президенттер халықаралық және аймақтық сипаттағы, соның ішінде Орта Азиялық Ынтымақтастық ұйымының алдағы саммитіне қатысты проблемалар төңірегінде пікір алмасты»,- делінген бспасөз қызметінің хабарламасында.