«Іскер азаматтардан тұратын Үкімет керек еді»: Мақсат Халық партияны «сүйреп» шығарған Ринат Зайытов, Дәулет Мұқаевтардан не күтетінін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Іскер азаматтардан тұратын Үкімет керек еді»: Мақсат Халық партияны «сүйреп» шығарған Ринат Зайытов, Дәулет Мұқаевтардан не күтетінін мәлімдеді

«Іскер азаматтардан тұратын Үкімет керек еді»: Мақсат Халық партияны «сүйреп» шығарған Ринат Зайытов, Дәулет Мұқаевтардан не күтетінін мәлімдеді

Танымал экономист, білікті сарапшы Мақсат Халық күні кеше елімізде өткен Парламент Мәжілісі және мәслихаты депутаттарын сайлау туралы ойын ашып айтты.

  • 3 Сәуiр 2023
  • 278
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, көп ұзамай су жаңа Үкімет халықтың үмітін ақтамағандықтан, қайта тарауы әбден мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz.

Мақсат Халықтың сөзінше халық жаңа Парламентке көп үміт артып отыр. Десе де ел үміті ақталмаса, Парламенттің жаңа құрамы тарауы мүмкін екен.

«Аmanat» партиясынан осы өңірде мен танитын азаматтар өтті. Бір нәрсені нақты айта аламын, осы жолы «Аmanat» партиясын сүйреп шыққан азаматтар Ринат Зайытов, Мақсат Толықбай, Нартай Аралбайұлы және Асхат Аймағамбетовтер болды. Көп халық солар үшін ғана «Аmanat» партиясына дауыс береміз дегенді естідім. Ол азаматтар қаншалықты ел үмітін ақтап шығады, оны уақыт көрсетеді», — деді ол.

Сондай-ақ экономист билік партиясының оппоненті екенін әрі оған ешқашан мүше болмайтынын кесіп айтты.

«Менің позициям айқын, былайша айтқан кезде «Аmanat» партиясының оппонентімін. Өзім ешқашан бұл партияның мүшесі болмаймын. Керісінше сол партияны орнына қоятын партияға мүше болатын шығармын. Өйткені партия сол баяғы премьер-министрді қалдырды, Үкіметте демек әлде де өзгеріс болмайды деген сөз. Бізге іскер азаматтардан тұратын Үкімет керек еді. Бірақ ондай Үкімет көріп тұрған жоқпыз. Демек бізге әлі ел, қоғам болып біраз күрес жүргізу керек.

Сондықтан менің ойымша, жалпы Парламентте халықтың сенімін ақтап шығатындай азаматтар жиналды деп айта алмаймын. Сол себепті халықтың Үкіметке деген сенімі әлі де өте төмен дәрежеде қала береді. Салдарынан әлеуметтік мәселелер қордаланып, бұл құрылған парламент те уақытынан бұрын тарап кетуіне әкеп соқтыру мүмкін. Ал Мәжіліске барған депутаттардың мойындарында үлкен жүк бар. Осы жолда әр өңірден халықтың ашынған дауысы, проблемаларды көтеруі өте көп болды. Егер осы мәселелерді көтере алмай, халықтың мәселелерін шешуге үлес қоспаса, онда бұл парламенттің де ауылы алысқа бармай, ерте тарқайтын болады», — деді ол.