Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Хат жазудың уақыты 5 жыл бұрын өткен…
Тем более, Парламентте отырып хат жазып, қол жинау — жұмсартып айтқанда, ұят.
Парламентті инстаграм, фейсбукпен шатастырып алдыңдар ғой деймін…))
Парламент хайп қуатын жер емес. Іс қылатын жер. Кез-келген министрді, әкімді, прокурорды шақырып алып, шаңын қағып, сұрақ қойып, тапсырма беріп, талап етуге Парламенттің құзыреті жетеді.
Не ол, өңкей атағы жер жаратын добалдай Парламент депутаттарының, оның ішінде өңкей еркектердің — ешқандай ресурсы жоқ, жұмыссыз, мұқтаж көпбалалы аналардың басын қосқан "Ақжүніс" ерікті аналар қоғамының деңгейінде жұмыс істеп, хат жазып, қол жиып жүргендері?.. "Міне, біз, 40 нөкер, хат жаздық!" деген хайп-хат па? ("Ұлы дала адвокатының" таныс тәсілі..)) менен үйренген….)))
Патриархаттарға позор!..)))
Сендерді де депутат дейді-ау", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.