Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жәрдемақы уақытынан бұрын өсуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жәрдемақы уақытынан бұрын өсуі мүмкін

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жәрдемақы уақытынан бұрын өсуі мүмкін

Қазақстанда асыраушысынан айырылу бойынша төлемдерді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 1 қыркүйектен емес, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап арттыру жоспарланып отыр.

  • 3 Сәуiр 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімінің жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

"2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 шілдеден бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін", — делінген хабарламада.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 17 сәуірге дейін жалғасады.


Перейти к новостям спорта