«Әр қазақ шапан кисін»: Ұлттық киім киген Арман Дәулетияров көптің ыстық ықыласына бөленді (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Әр қазақ шапан кисін»: Ұлттық киім киген Арман Дәулетияров көптің ыстық ықыласына бөленді (ВИДЕО)

«Әр қазақ шапан кисін»: Ұлттық киім киген Арман Дәулетияров көптің ыстық ықыласына бөленді (ВИДЕО)

Танымал медиаменеджер, ресейлік «Муз ТВ» арнасын бірнеше жыл абсқарған Арман Дәулетияров көпті күнделікті шапан киіп жүруге шақырды.

  • 3 Сәуiр 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл ойымен ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

«Әрбір қазақ шаман киюге міндетті. Қазір тіпті оның түр-түрі бар. Біріншіден ол біздің мәдениетіміз, асыл мұрамыз. Ол патриотизмнің белгісі, өз ұлтың мен ата-бабаларыңа деген құрметтің белгісі. Әрі бұл сәнді және әдемі. Яғни қазақ болу сәнге айналуда! Маған қосылып, күнделікті тұрмыста шапан киюді әдетке айналдырыңыздар. Біз кимесек, кім киеді? Осындай қарапайым ғана нәрселерден өз ұлттық мәдениетімізге деген құрметті көрсете білуіміз керек. Кім менімен келіседі? Шапаным қалай? Ұнай ма?», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары бірауыздан қоғам қайраткерін қолдады. Олар:


«Дұрыс айтасыз, біз кимесек кім киеді?», «Таң қаламын сіздің тәрбиеңізге, өмірі Ресейде тұрсаңыз да қазақтың дәстүрін ұмытпағансыз, анаңызды көріп отырушы едік, марқұмның тәрбиесі мықты екен», «Арман аға, қолдаймыз, киейік, онда тұрған не бар?» деп жазды.