Оралда екі бірдей баласын сатып жіберген келіншек ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда екі бірдей баласын сатып жіберген келіншек ұсталды

Оралда екі бірдей баласын сатып жіберген келіншек ұсталды

Орал қаласында екі бірдей баласын сатып жіберген келіншек ұсталды.

  • 3 Сәуiр 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, 31 жастағы әйел Қарақалпақстан азаматы. Қазақстанда екі бірдей баласын сатып жіберген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Ол 2018 және 2019 жылғы екі баласын сатып жіберді. Бірінші баласын бес жыл бұрын Атырау облысынан келген ерлі-зайыптыға сатқан. Ал екінші факт 2022 жылы болды. Ол кезде үш жастағы қызын Орал қаласының тұрғындарына 1 миллион теңгеге сатып жіберген", — деді Нұрмағамбетов ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифингте.


Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 135-бабы (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Айта кетері, бірнеше рет бала сатқаны үшін тоғыз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.