"Есімін анамның құрметіне қойдым": Жәкішев жақында қыз туып берген жас келіншегі туралы айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Есімін анамның құрметіне қойдым": Жәкішев жақында  қыз туып берген жас келіншегі туралы айтып берді

"Есімін анамның құрметіне қойдым": Жәкішев жақында қыз туып берген жас келіншегі туралы айтып берді

Кәсіпкер, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев жеке өмірі жайлы толық айтып берді.

  • 3 Сәуiр 2023
  • 4585
Фото - Caravan.kz

Мұхтар Жәкішев жақында әке атанғанын Арманжан Байтосовтың Үoutube-арнасындағы сұхбатында растады. Сөзінше өмір есігін ашқан қызын екінші әйелі Динарадан сүйіп отыр. Әрі сәбиінің денсаулығы да жақсы екеніне тоқталған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Uaqyt.info сайтына сілтеме жасап. 

"Динарамен қарым-қатынасымыз 2015 жылы басталды. Ал 2016 жылы қызым дүниеге келді. Оны әлеуметтік желіде көріп те жүрген шығарсыздар. Есімі — Айлин. Алғаш Айлинді 30-күндігінде көрдім. Кейін Динара әр 3 ай сайын кездесуге алып келіп тұрушы еді. Бұл мен үшін үлкен қолдау болды. Қиындықты жеңіп шығуға дем берді. Динараның осы жақсылығы үшін менің алғысым шексіз. Өйткені ол баланы жалғыз өсірді. Бүкіл қиындық мойнына түсті. Жақында өмірге екінші қызым келді. Жалпы менің балаларымның есімі міндетті түрде “ай” деген сөзден басталады. Екіншіден анамның есіміне де ұқсатуды жөн көрдік. Анамның аты — Райса. Философиялық тұрғыда қарағанда анам өмірден өтті, жаңа адам келді дегендей ғой. Бірақ бұл орын алмасу емес, анама деген құмет деп қарау керек", — деді кәсіпкер.

Сонымен қатар ол бірінші әйелінен 2013 жылы ресми түрде ажырасып кеткенін де айтты.


“Мен жеке өмірім жайлы көп айтпаушы едім. Өйткені балаларым әкесінің атағымен жетістікке жеткілері келмеді. Маған “әке, біз туралы көпшілікке айтпаңыз, өз жолымызды тауып, жетістікке өз күшімізбен жеткіміз келеді” деп айтатын. Балаларымның бұл ұсынысын қолдадым. Жәмиләмен біз ресми түрде 2013 жылы ажырастық. Бірақ құжат рәсімдеу жағы менің басымдағы жағдайларға байланысты сәл созбаланып кетті. Десе де, Жәмилә екеуіміз бөлек тұруға шешім қабылдадық. Осы уақыт аралығында ол менсіз бала тәрбиесін мойнына алды. Қиын болғанын түсінемін. Бірақ соған қарамастан балаларым тәрбиесін жоғалтпай мақтан тұтар азаматқа айналғанына қуанамын. Жәмилаға ризамын. Мені қамауға алғанда кіші балам 9 жаста болды. 20 жасқа толғанда бостандыққа шықтым. Осы жерде айта кететін жайт, біз ресми түрде ажырассақ та бір-бірімізге деген қарым-қатынас, байланыс сол қалпында қалды. Жәмила алғаш ұсталған жылдары менің бостандыққа шығуыма ерекше үлес қосты", — дейді Мұхтар Жәкішев.

Еске салсақ Мұхтар Жәкішев  2020 жылы түрмеден босап шықты.