"Өзім кек аламын": Айгүл Орынбек мүгедектер үйінде зорлық-зомбылық көрген жігіттің жазған хатын көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзім кек аламын": Айгүл Орынбек мүгедектер үйінде зорлық-зомбылық көрген жігіттің жазған хатын көрсетті

"Өзім кек аламын": Айгүл Орынбек мүгедектер үйінде зорлық-зомбылық көрген жігіттің жазған хатын көрсетті

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек мүгедектер үйінде зорлық-зомбылық көрген жігіт туралы жазба қалдырды.

  • 4 Сәуiр 2023
  • 1376
Фото - Caravan.kz

Бұл іс жайлы құзырлы органдардан еш жауап болмағандықтан, зорлық-зомбылық көрген жігіттің "Өзім кек аламын" деп отырғандығын жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Шымкент қаласының мүгедектер үйінде болған жағдай жайында баяндағым келіп отыр. Шағымданушының айтуы бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары зорлық-зомбылық көрсетті. Тек қана бір адам емес. Тағы да бір қыз бар" дейді. Бұл жөнінде ол кісілер Әл Фараби аудандық полиция бөліміне шағымданған. Алайда тергеушілердің тергеп-тексеру әрекеттеріне көңілдері толмай отыр. Бұл бойынша олар маған бір жарым ай бұрын шағымданған еді. Мен бұл істі прокурор Ержан Маратқа жеткізген едім. Сол күйі бұл іс жайлы ешқандай хабар жоқ. Енді күні кеше менің инстаграм парақшама ол кісі: "Сіз бізді лақтырып кеттіңіз. Енді мен кек аламын. Ол кісінің үйін, барлығын мен білемін" деп маған хабарлама жіберіпті. Егер де директордың орынбасарына қандай да бір жағдай болғанда бұған құзырлы орындар өздері жауап береді деп ойлаймын. Себебі, тергеп-тексеру амалдары дұрыс жүргізілмеген жағдайда зорлық-зомбылық көрген адамдар өздері кек алуға көшті. Осын жоғарыда отырған шенділер назарға алса деймін", — дейді заңгер.