Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сайттағы ең төменгі қарыз сомасы — 1383 теңге. Бұл өзін банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған Қызылорда облысының тұрғыны көрсеткен сома. Сондай-ақ, 8 876 теңге (Павлодар), 11 995 теңге (Түркістан облысы) және 13 553 теңге (Алматы облысы) болатын берешек сомасы бар.
Өз кезегінде ең көп қарыз сомасы — 282 миллион 784 мың 016 теңге. Бұл ақпартты банкроттық туралы арыз берген Алматы облысының тұрғыны көрсеткен. Сондай-ақ, 208 миллион, 106 миллион, 73 миллион теңге және одан да төмен қарыздар кездеседі.
Бұл ретте, соттан тыс банкроттық бойынша берешек сомасының шекті мәні 1600 АЕК немесе биылға 5 520 000 теңге болады.