Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Хабар 24»-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қызыл жалынды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 40 қызметкері мен резерваттың 30-ға жуық маманы, сондай-ақ 20 шақты техника жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 85,5 гектар жер өртеніп кеткен. Тілсіз жау ошағы Каспий теңізі жағалауына жақын орналасқан. Жел мен батпақ өртті сөндіруге қиындық тудырып тұр. Сол себепті бүгін Маңғыстау облысынан арнайы тікұшақ көмекке келеді. Әзірге өрттің шығу себебі мен келген шығын көлемі белгісіз.