«Нағыз қазақ домбыра»: Пойыз ішінде «Балбырауын» күйін тамылжыта орындаған бір топ бала көпті сүйсінтті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нағыз қазақ домбыра»: Пойыз ішінде «Балбырауын» күйін тамылжыта орындаған бір топ бала көпті сүйсінтті (ВИДЕО)

«Нағыз қазақ домбыра»: Пойыз ішінде «Балбырауын» күйін тамылжыта орындаған бір топ бала көпті сүйсінтті (ВИДЕО)

Желіде пойыз ішінде, жерге отыра қалып, «Балбырауын» күйін шерткен бір топ баланың видеосы тарады.

  • 4 Сәуiр 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Оқырмандар жас домбырашылардың өнеріне сүйсінген, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Аталған видео желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды. Онда пойыз ішінде келе жатып, қазақтың «Балбырауын» күйін шерткен бір топ баланы көруге болады.

Сонымен бірге балалардың «Жезқазған-Қарағанды» бағытындағы пойызда жол жүріп келе жатқандығы айтылады.

Желі қолданушылары кішкентай күйшілердің домбырасына сүйсінген. Олар:

«Жарайсыңдар, осындай болса ғой әр қазақтың баласы», «Домбыраның үнін ештеңе алмастыра алмайды», «Керемет», «Жарайсыздар» деп жазды олар.